Жария оферта

CDIO Asian Regional Meeting 2026 (CDIO ARM 2026) халықаралық іс-шарасына қатысу бойынша қызметтер көрсету туралы шарт жасасу туралы

1. Жалпы ережелер

1.1. Осы құжат  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (бұдан әрі — Ұйымдастырушы) тарапынан әрекетке қабілетті кез келген жеке немесе заңды тұлғамен (бұдан әрі — Қатысушы) төменде көрсетілген шарттарда қызметтер көрсету туралы шарт жасасуға арналған ресми жария ұсыныс (оферта) болып табылады.

1.2. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, қызметтерге ақы төлеу және/немесе іс-шара сайты арқылы тіркелу осы офертаны толық және сөзсіз қабылдауды білдіреді.

1.3. Шарт Қатысушы офертаны қабылдаған сәттен бастап жасалған болып есептеледі.

2. Офертаның мәні

2.1. Ұйымдастырушы Қатысушыға 2026 жылғы 23–26 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласында өтетін CDIO Asian Regional Meeting 2026 (CDIO ARM 2026) халықаралық іс-шарасына қатысуға байланысты қызметтер көрсетуге міндеттенеді, ал Қатысушы осы қызметтерді қабылдап, қажет болған жағдайда ақы төлеуге міндеттенеді.

2.2. Көрсетілетін қызметтер тізбесіне мыналар кіруі мүмкін:

  • іс-шараға Қатысушыны тіркеу;
  • офлайн және/немесе онлайн-сессияларға қолжетімділік беру;
  • ғылыми, білім беру және іскерлік бағдарламаға қатысу;
  • ақпараттық және үлестірме материалдарды ұсыну;
  • Қатысушы сертификатын (электрондық және/немесе қағаз нұсқада) беру;
  • іс-шара бағдарламасында көзделген өзге де қызметтер.
3. Тіркеу және қатысу тәртібі

3.1. Тіркеу CDIO ARM 2026 ресми сайтындағы тіркеу нысанын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

3.2. Қатысушы тіркеу кезінде шынайы, өзекті және толық ақпарат ұсынуға міндетті.

3.3. Ұйымдастырушы жалған немесе дәл емес ақпарат ұсынылған жағдайда қатысудан бас тартуға немесе тіркеуді жоюға құқылы.

4. Қызметтердің құны және төлем тәртібі

4.1. Қатысу құны іс-шараның ресми сайтында көрсетілген тіркеу жарналарына сәйкес айқындалады.

4.2. Төлем сайтта көрсетілген төлем жүйелері арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

4.3. Төлем валютасы

Төлем Қазақстан Республикасының теңгесінде (KZT) жүзеге асырылады. Шетелдік клиенттер үшін баға АҚШ доллары (USD) немесе евро (EUR) түрінде көрсетілуі мүмкін, бірақ нақты төлем операция күні банкті эмитенттің курсы бойынша теңгеде есептеледі.

5. Қаражатты қайтару шарттары

5.1. Тіркеу төлемін қайтару қатысушының жазбаша өтінішінен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады және тек келесі жағдайларда ғана мүмкін:

  • қатысушының іс-шараға қатысудан бас тартуы 2026 жылғы 23 тамызға дейін — төлем толық көлемде қайтарылады;
  • қатысушының іс-шараға қатысудан бас тартуы 2026 жылғы 24 тамыздан 7 қыркүйекке дейін — төлем тіркеу төлемінің 50%-ы көлемінде қайтарылады;
  • іс-шараны ұйымдастырушыға тәуелсіз себептермен (форс-мажор) тоқтату;
  • басқа да заңнамада көрсетілген негіздер.

5.2. Іс-шара ұйымдастырушыға тәуелсіз себептермен тоқтатылған жағдайда, ақша қайтару тәртібі бөлек анықталады.

6. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

6.1. Ұйымдастырушының құқықтары:

  • іс-шараның бағдарламасын, форматын және кестесін өзгерту;
  • қызметтер көрсету үшін үшінші тұлғаларды тарту;
  • іс-шараны фото-, видео- және аудио форматта жазу, қатысушы өз бейнесі, жазбалары мен материалдарының Ұйымдастырушының промо-, ақпараттық және оқу мақсаттарында пайдаланылуына келісім береді.

6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

  • қызметтерді тиісті сапада көрсету;
  • іс-шараны жарияланған бағдарламаға сәйкес ұйымдастыру;
  • дербес деректерді қорғау туралы заңнаманы сақтау.

6.3. Қатысушының міндеттері:

  • қатысу ережелерін және іскерлік әрі академиялық әдеп нормаларын сақтау;
  • басқа қатысушылар мен Ұйымдастырушының құқықтарын бұзбау;
  • алынған материалдарды тек жеке және/немесе ғылыми-білім беру мақсаттарында пайдалану.
7. Зияткерлік меншік

7.1. Іс-шара материалдарының барлығы тиісті құқық иелерінің зияткерлік меншік объектілері болып табылады.

7.2. Құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз материалдарды пайдалануға, заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.

8. Дербес деректер

8.1. Қатысушы CDIO ARM 2026 іс-шарасын ұйымдастыру және өткізу мақсатында өзінің дербес деректерін өңдеуге келісім береді.

8.2. Дербес деректерді өңдеу іс-шараның ресми сайтында орналастырылған Құпиялылық саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Тараптардың жауапкершілігі

9.1. Тараптар міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

9.2. Ұйымдастырушы Қатысушының Ұйымдастырушыға тәуелсіз себептер бойынша іс-шараға қатыса алмауы үшін жауапты болмайды.

10. Форс-мажор

10.1. Тараптар еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған жағдайда міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

11. Қорытынды ережелер

11.1. Осы оферта CDIO ARM 2026 ресми сайтында орналастырылған сәттен бастап күшіне енеді және іс-шара аяқталғанға дейін қолданылады.

11.2. Ұйымдастырушы осы офертаға алдын ала ескертусіз өзгерістер енгізуге құқылы.

11.3. Барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.

11.4. Қолданылатын тіл

Оферта нұсқаларының арасында қайшылықтар немесе сәйкес келмеушіліктер туындаған жағдайда басымдық ағылшын тіліндегі нұсқасына беріледі.

Ұйымдастырушы: Коммерциялық емес акционерлік қоғам «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті»

Заңды мекенжайы: Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Д. Серікбаев көшесі, 19 үй

БСН: 010440002379, КБЕ 16

Хат жолдау үшін электрондық пошта: [email protected]

Байланыс телефон нөмірлері: +7 777 411 96 50 (Самат Байгереев), +7 777 264 51 50 (Мадина Юсубалиева)

Ресми веб-сайт: https://cdio.ektu.kz/